Азақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру

Азақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 02 тамыздағы № 452 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 қыркүйекте № 8687 тіркелді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері туралы ережесінің 16-тармағының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму департаменті (М.Е. Шоранов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е.Асайынова) мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 02 тамыздағы
№ 452 бұйрығымен
бекітілген

Азақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты

Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы стандарт амбулаториялық – емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлерде онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсету тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді.
3. Онкологиялық төсектермен қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 540 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 22 қыркүйекте № 7198 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 540 бұйрық) бекітілген Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметі туралы ереженің талаптарына сәйкес көзделеді.
4. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар болып табылатын ұйымдарды қоспағанда онкологиялық ұйымдардың штаттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 15 сәуірде № 6173 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 238 бұйрық) бекітілген штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.
5. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
верификацияланған диагноз – зертханалық зерттеу әдістерімен бекітілген клиникалық диагноз;
жоғары мамандандырылған медициналық көмек – медициналық ұйымдарда диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа технологияларын пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек;
жоғары технологиялық сәулелік емдеу - қатерлі және қатерсіз ісіктермен ауыратын науқастарға күрделі, бірегей немесе ресурстық сыйымдылықты медициналық технологияларды (конформдық сәулелік терапия, қарқынды модулдендірілген және кескіндер бойынша басқарылатын сәулелік терапия, протондық сәулелік терапия, стереотаксикалық радиохирургиялық және стереотаксикалық фракциялық сәулелену);
қатерлі ісіктің химиотерапиясы – пролиферацияны тежейтін немесе ісік жасушаларын қайтымсыз зақымдайтын дәрілік заттарды емдік мақсатта пайдалану;
маммология – сүт бездерінің әр түрлі ауруларының профилактикасына, диагностикасы мен еміне арналған медицина бөлімі.
проктология – жуан ішектің әртүрлі ауруларының профилактикасына, диагностикасы мен еміне арналған медицина бөлімі.
сәулелік терапия (радиотерапия) – бағытталған және арнайы дозаланған иондаушы сәулеленудің көмегімен ісіктер мен кейбір ісікалды ауруларды емдеу әдісі;
скринингілік бағдарлама – клиникалық симптомсыз адамдардың ауруларын анықтауға бағытталған халықтың белгілі бір санаттарын тарта отырып, диагностикалық іс-шаралар бағдарламасы.
ядролық медицина – онкологиялық ауруларды қоса алғанда адам ағзалары мен жүйелерінің әр түрлі ауруларының профилактикасына, диагностикасы мен емі мақсатында радиоактивтік элементтер мен иондаушы сәулелеуді қабылдайтын медицина саласы.

Азақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары мен құрылымы

6. Онкологиялық ұйымдар онкологиялық науқастардың профилактикасына, диагностикасына, емдеу мен медициналық оңалтуға бағытталған іс-шараларды уақтылы өткізу үшін құрылады.
Осы ұйымдардың негізгі мақсаты онкологиялық аурулардан болатын өлімді төмендету арқылы халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын ұлғайту болып табылады.
7. Онкологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға:
1) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ҚазОРҒЗИ);
2) облыстық, өңірлік, қалалық онкологиялық диспансерлер, орталықтар және көп бейінді клиникалардың онкологиялық бөлімшелері;
3) оларға жүктелген функцияларға қарамастан құрылымында мыналар ұйымдастырылатын медициналық ұйымдар жатады:
Сәулелік терапия бөлімшесі (радиология бөлімшесі) ҚазОРҒЗИ-дың, төсек қоры кемінде 100 төсек болатын онкологиялық диспансердің, көп бейінді аурухананың құрамында ұйымдастырылады. Қашықтықтағы және байланыстық сәулелік терапия үшін төрт және одан да көп қондырғылар болған жағдайда және кемінде 120 науқасқа сәулелік ем жүргізген кезде сәулелік терапия бөлімшесін біріктіретін радиологиялық бөлім құрылады.
химиотерапия бөлімшесі ҚазОРҒЗИ, онкологиялық диспансерлердің, көп бейінді аурухананың (облыстық, қалалық) құрамында;
ҚазОРҒЗИ-дың құрамында мамандандырылған консультациялық-диагностикалық бөлімше (бұдан әрі – МКДБ) құрылады. Өңірлік мамандандырылған консультациялық-диагностикалық бөлімше (бұдан әрі - ӨМКДБ) облыстық, өңірлік, қалалық онкологиялық ұйымдардың құрамында құрылады;
Онкологиялық науқастарды қалпына келтіре емдеу және оңалту бөлімшесі (кабинет) онкологиялық ұйымның, көп бейінді аурухананың (ересектер, балалар), амбулаториялық-емханалық ұйымның құрамында құрылады;
ядролық медицина бөлімшесі (орталығы) (бұдан әрі – ЯМБ) ҚазОРҒЗИ-дың, облыстық орталықтарда және республикалық мәні бар қалаларда онкологиялық ұйымдардың, диагностикалық орталықтардың құрамында, дербес заңды тұлға ретінде ұйымдастырылады;
паллиативтік көмек бөлімшесі (орталығы) онкологиялық диспансердің, көп бейінді аурухананың (ересектер, балалар), сондай-ақ дербес заңды тұлға ретінде құрылады.
цитологиялық зертхана онкологиялық диспансерлер мен көп бейінді аурухананың құрамында құрылады;
эндоскопиялық бөлімше (кабинет) ҚазОРҒЗИ-дың, онкологиялық ұйымның, 100 және одан аса төсектік көп бейінді аурухананың (облыстық, қалалық, аудандық), халықтың 50 және астам мың халыққа қызмет көрсететін амбулаториялық-емханалық ұйымдардың құрамында құрылады;
онкологиялық кабинет емхананың (қалалық, аудандық), аудандық орталық ауруханалардың, консультациялық-диагностикалық орталықтардың, көп бейінді аурухананың консультациялық-диагностикалық бөлімшелердің құрамында құрылады;
маммологиялық кабинет бекітілген штат нормативтерге сәйкес емхананың (қалалық, аудандық), консультациялық-диагностикалық емхананың (орталық), көп бейінді аурухананың консультациялық-диагностикалық бөлімшелердің құрамында құрылады;
зерттеп-қарау кабинеті (әйелдер, ерлер) емхананың (қалалық, аудандық), консультациялық-диагностикалық орталықтардың, көп бейінді ауруханалардың консультациялық-диагностикалық бөлімшелерінің құрамында құрылады (Стандартқа 1-қосымша);
проктологиялық кабинет консультациялық-диагностикалық емхананың (орталық), көп бейінді аурухананың консультациялық-диагностикалық бөлімшелердің құрамында құрылады;
амбулаториялық химиотерапия кабинеті онкологиялық ұйымның құрамында құрылады;
ауырсынуға қарсы терапия кабинеті онкологиялық ұйымдарының, дербес амбулаториялық-емханалық ұйымдардың құрамында құрылады;
арнайы бейін бөлімшесі (бас пен мойын, урологиялық ісіктер және басқалар) 200-ден астам төсегі бар онкологиялық ұйымдарда құрылады.
Онкологиялық ұйымдардың мақсаты, міндеттері мен ұйымдастырушылық негіздері, оның ішінде олардың құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелердің тізбесі № 540 бұйрығымен бекітілген Онкологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеде айқындалады.

азақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру

8. Онкологиялық көмек көрсетуді реттейтін нормативтік құқықтық актілер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы;
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі;
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекет Басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстанның басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығы;
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы;
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысы (2010 жылғы 15 желтоқсандағы өзгерістерімен және толықтыруларымен);
«Әлеуметтік мәні бар аурулар мен айналасындағылар үшін қауіп төндіретін тізбені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2018 қаулысы;
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 41 қаулысы;
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 183 қаулысы (2011 жылғы 31 желтоқсандағы ахуал бойынша өзгерістері мен толықтыруларымен);
«Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсатта пайдалану қағидаттарына бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 366 қаулысы;
«Паллиативтік көмек пен мейіргер күтімін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1343 қаулысы;
«Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 тамыздағы № 540 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 22 қыркүйекте № 7198 болып тіркелген);
«Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 наурыздағы № 145 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 145 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 25 сәуірде № 6902 болып тіркелген).
9. Онкологиялық көмек көрсету медициналық көмектің мынадай нысандарында жүзеге асырылады:
1) амбулаториялық-емханалық;
2) стационарлық;
3) стационарды алмастыратын;
4) қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту;
5) паллиативтік көмек пен мейіргер күтімі.
10. Онкологиялық аурулары бар науқастарға медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде көрсетіледі.
11. Онкологиялық аурулары бар науқастарға медициналық көмек көрсету амбулаториялық-емханалық және стационарлық денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетіледі.
12. Онкологиялық аурулары бар науқастарға жоспарлы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек онкологиялық ұйымдарда көрсетіледі. Қатерлі ісіктермен ауыратын науқастарды мамандандырылған емдеу онкологиялық бейіндегі хирург дәрігерді, химиотерапевті, сәулелік терапевті (радиолог) және клиникалық тәжірибесі бар параклиникалық қызмет маманын қамтитын мультипәндік топтар қатысқан кезде жүргізіледі.
13. Онкологиялық көмек мыналарды қамтиды:
1) амбулаториялық-емханалық деңгейде:
пациенттің жағдайын анықтау және диагнозды белгілеу мақсатында дәрігердің тексеріп-қарауы;
диагнозды верификациялау мақсатында азаматтарды зертханалық және аспаптық тексеріп-қарау;
мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті ұсыну үшін емдеуге жатқызуға іріктеу және жіберу;
онкологиялық науқастарды динамикалық бақылау;
белгіленген нысандағы медициналық құжатпен ресімдеу.
2) стационарлық деңгейде:
«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген қабылдау бөлмесінде белгіленген нысанда медициналық құжатты ресімдеу (бұдан әрі – № 907 бұйрық);
қолданыстағы нозологияға және медициналық стандарттарға сәйкес емдеуді таңдау мен тағайындауды емдеуші дәрігерлер мен бөлімше меңгерушілері жүзеге асырады;
қажетті тағайындалған емдеуді жүргізу;
дәрігердің күнделікті тексеріп-қарауы (егер басқа кезеңділік көзделген болса), емдеуді түзету;
қажет болған жағдайда және медициналық стандарттарға сәйкес мамандардың консультацияларын жүргізу;
құжатты ресімдей отырып науқастың қолына сырқатнамадан көшірме мен еңбекке уақытша жарамсыздықты растайтын құжатты бере отырып, пациентті шығару.
14. Азаматтың жеке басын куәландыратын құжаты, емдеуге жатқызу күні көрсетілген емханалық бөлімшеден жолдамасы болуы тиіс.
15. Қабылдау бөлімінің дәрігері пациенттің медициналық айғақтары және оған медициналық көмек ұсынуға жазбаша келісім болған жағдайда стационарлық науқастың медициналық картасын толтырады.


7245785438562594.html
7245839150910499.html

7245785438562594.html
7245839150910499.html
    PR.RU™